05 Қараша 2018
1950

Шыңғырлау ауданы

 

 

  1. БАСШЫЛЫҚ

 

Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы – аудан әкімі

Бейсен Ғалымжан Смағұлұлы – аудан әкімінің орынбасары

Бисембаев Азамат Тәңірбергенұлы – аудан әкімінің орынбасары

Сағынгереев Темірболат Мұхитұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы

 

  1. Аудан туралы қысқаша мәлімет

 

 Шыңғырлау ауданы Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы - 7,2 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындарының саны 2019 жылдың 1 шілдесіне 14700 адамды құрайды. Орташа қоныстану тығыздығы - 1 шаршы шақырымға 2,7 адам Ауданнан бірнеше өзен ағып өтеді, олардың үлкендері Елек, Утва, Ащы, Шилі, Сарқырама өзендері, жалпы ұзындығы 350 шақырымды құрайды. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы шақ).

Орталығы - Шыңғырлау ауылы. Аудан құрамына 8 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Ақтау, Ардақ, Ақбұлақ, Ащысай, Шыңғырлау ауылдық округтері кіреді.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

 

Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефоны

Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы

Аудан әкімі

әр аптаның

сәрсенбі күні

сағат 10.00-12.00

871137

33445

Бейсен Ғалымжан Смағұлұлы

Аудан әкімінің орынбасары

әр аптаның

жұма күні

сағат 10.00-12.00

871137

33392

Бисембаев Азамат Тәңірбергенұлы 

Аудан әкімінің орынбасары

әр аптаның

бейсенбі күні

сағат 10.00-12.00

871137

33392

Сағынгереев Темірболат Мұхитұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

сейсенбі сайын

сағат 10.00-12.30

871137

33445

 

  1. Негізгі функциялары, мақсаттары мен міндеттері:

 

Мақсаттары мен міндеттері:

 

Батыс Қазақстан облысы «Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және мақсаттары Шыңғырлау ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

 

Міндеттері:

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

Аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

 Аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;

Аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Шыңғырлау ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.

 Функциясы:

 

1) өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын  қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;  

2) орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3) Шыңғырлау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;

4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;

5) өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау,  өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;

6)  облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;

8) аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді,кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

9) Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;

11) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;

12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;

13) облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;

14) ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы  жүйесі мәселелерімен шұғылданады;

15) аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;

16) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;

17) аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

  1. Пошта мекенжайы: 091200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Лұқпан Қылышев көшесі, №95
  2. Электронды мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  3. Байланыс телефоны: 8(71137) 33445, 8(71137) 34595
  4. Ауданның pесми сайты: www.chingirlau-bko.gov.kz