01 Қараша 2018
2352

Құттықтаулар

 

Құрметті батысқазақстандықтар!

 

 

Орал қаламыздың күні құтты болсын! 

Біз мекен еткен қаланың тарихы тереңде, дәстүрі мен мәдениеті ерекше, сыр-сипаты айрықша. 

Оралда біздің туысқандарымыз бен достарымыз тұрады, балаларымыз оқып, осы қалаға қонақтарымыз келеді.

Жыл өткен сайын қаламыз көркейіп, өмір сүру жайлылығы жоғары қалаға айналып келеді.

Қаламыз заманауи әрі қауіпсіз болуы үшін әлі де көп жұмыстар тұр. Себебі осында жұмыс істеп, балаларымызды тәрбиелеп, өмір сүргіміз келеді.

Біз осыны жасай алатынымызға сенімдімін, өйткені Орал қаласының басты байлығы еңбекқор, ақжарқын, жаны жайсаң тұрғындары болып табылады.

Баршаңызға зор денсаулық пен молшылық тілеймін!

 


 

БҚО әкімі мұнай-газ саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Құрметті мұнай-газ саласының қызметкерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бүгін, 120 жыл бұрын кейін Қазақстан аумағында бірінші баррель мұнай өндіру күнінен бастап мұнай-газ өнеркәсібі біздің еліміздің дамуында маңызды рөл атқаруда. Өңірдің дамуына күнделікті еңбекпен осы саладағы 8 мың батысқазақстандық зор үлес қосып келеді.

 

KPO b.v., "ЖайықМұнай", "Конденсат" сияқты мұнай-газ компаниялары біздің кадрларды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөледі және олар өңірдің ірі салық төлеушілері болып табылады. Ондаған компания мұнай-газ кәсіпорындарына сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істеуде.

 

Біздің экономикамыздың драйверіне айналатын өңірде мұнай мен газды өңдеу бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

Өндірісте және мұнай-газ саласын сервистік қамтамасыз ету саласында қызмет етіп жатқандарға зор денсаулық, тұрақты жұмыс пен даму тілеймін!  

 


 

 

Облыс әкімінің ҚР Конституция күнімен құттықтау сөзі

 

ҚҰРМЕТТІ  БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

     

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

        

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Конституция біздің бостандығымыздың негізі болды. Ол біздің жеңістеріміздің, табыстарымыздың тәуелсіздік арқылы келген барлық кешенін нығайтады».

 

Конституция тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, келісімнің, азаматтық қоғамды дамытудың маңызды факторына айналды.

 

Қабылданған Конституцияның арқасында біз ата-бабаларымыздың сан ғасырлық үмітін ақтай отырып, заманауи мемлекет құрдық. Біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.

 

Конституция ұлттық, нәсілдік, жыныстық, діни қатыстылығы белгілеріне қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.

 

Ата Заң негізінде қазіргі заманғы мемлекеттік тетік пен құқықтық жүйе қалыптасты, экономиканың мықты іргетасы қаланды, саяси плюрализм мен сөз бостандығы, сапалы білім алу, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.

 

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!

 


 

 

 

Құрметті батысқазақстандық мұсылман қауым!


Қадірлі бауырлар!



Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының аса ұлық мейрамы Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні әлем мұсылмандары бір-бірін құттықтап, арада болған өкпе-ренішті ұмытып, шаттыққа бөленіп, қуанышқа кенеледі.

Құрбан айт мейрамы бірлік пен ынтымаққа, өзара сыйластық пен татулыққа, достық пен қайырымдылықа шақырады.
Бұрынғылар «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,төбедегі келеді» деген екен. Сүттей ұйыған бірлігімізге, ұлтаралық сыйластық пен дінаралық татулығымызға теріс пиғылдылардың іріткі салуына жол бермейік

Бәрiмiздiң де арман-аңсарымыз – жемісті еңбек, берекелi тұрмыс, бақытты өмір. Ендеше, аспанымыз ашық, айналамыз түгел аман болып, бірлігіміз бекемденіп, берекеміз еселеніп, ынтымағымыз нығайып, ырысымыз молая бергей.
Қадірлі өңір тұрғындары! Құрбан айт мерекесі халқымызға бейбітшілік, жерімізге құт-береке, әр шаңыраққа амандық әкелсін! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

 


 

Құрметті батысқазақстандықтар!

 

Сіздерді алты алашқа тәж болған – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құтықтаймын! Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі астанамыздың 21 жылдығын атап өтудеміз. Тарих сағатымен аз уақыт ішінде бас қаламыз әлеуметтік, экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді, өз кезегінде бұл Қазақстанымыздың өркендеуіне зор қуат берді. Бұл, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың астанамызға ерекше назар аударуының нәтижесі болып табылады.

 

Барлық сүйікті елордамыздың туған күні қазақстандықтар үшін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке. Біздің еліміздің әрбір тұрғынының туыстары, жақындары мен достары елордада тұрады. Нұр-Сұлтан шын мәнінде жастардың орталығы, асқақ армандар мен баянды болашақты жасайтын қалаға айналды. Құрметті жерлестер, ерке Есілдің жағасында керегесін кең жайған ару астанамыздың абыройы асқақ, мерейі үстем болсын! Әр шаңыраққа мықты денсаулық, бақыт, молшылық пен құт-береке тілеймін!

 

  


Құрметті Батысқазақстандықтар!

 

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

2018 жыл Ақжайық өңірі үшін жетістігі мол жыл болды. Өтіп бара жатқан жылда бәріміз бірге алға қойған мақсаттарға қол жеткіздік.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асуы және өңіріміздің әрбір азаматының еңбегі  халықтың өмір сүру сапасын арттырды.

Осы жылы облысымызда 450 шақырым жол салынды, 55 елді-мекен таза ауыз сумен қамтылды, 44 елді-мекенге көгілдір отын жетпек.

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бағытында нақты қадам жасалды. 430 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз -3500 отбасының баспанасы. Экономиканың барлық саласында қарқынды даму мен нақты нәтиже бар.

 

Қадірменді ағайын!

 

Келер 2019 жылы алға қойған мақсат-міндеттерімізді, үлкен жоспарларды бірлесіп жүзеге асырайық.

Жаңа жыл бізге жақсылыққа толы игі істер әкеліп, әрқайсыңызға жаңа мүмкіндіктер ашылсын. Әрбір шаңырақта бақыт, амандық пен құт-береке орнасын, еліміз өркендей берсін.

Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бар жақсылықты тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Құрметпен,

Батыс Қазақстан облысының әкімі      А. Көлгінов


 

Құрметті батысқазақстандықтар!

 

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл күн әрбір қазақстандықтың татулығы мен достығының, бірлігі мен бауырмалдығының баға жетпес нышанына, жалпыұлттық жарасым мейрамына айналды.  

 

Бүгінде ұлы дала төсіндегі тұғырлы мемлекетіміз өркендеп келеді. Бұл - қоғамдық ынтымақ пен саяси тұрақтылықтың жемісі, ұлт тұтастығының жарқын үлгісі.

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» деген пікірінің өмірлік мән-маңызы бар.

 

Бірлігі бекем еліміздің еңсесін биіктетуге, өңірімізде бейбітшілік пен достықтың мәңгі салтанат құруына облыс тұрғындары зор үлес қосып жүргендіктерін атап өткім келеді.

 

Құрметті жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, құт-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!  Бірлігіміз нығайып, берекеміз артып, әл-ауқатымыз жақсарып, өңіріміз гүлденіп, еліміз өрлей берсін.

 

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі  А. Көлгінов


 

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлігіміздің арқасында өтіп бара жатқан 2017 жыл өңіріміз үшін жемісті жыл болды. Әсіресе, өңірімізде мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, облысымызда 500 шақырымға жуық жолға асфальт төселіп, 12 ауданының 60-тан астам елді мекеніне таза ауыз су, алты ауданның 35 ауылына көгілдір отын жетті.

 

Кез келген отбасы үшін ең маңыздысы – өз баспанасы екені анық. Бұл орайда облыс көлемінде 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 1500 отбасы Жаңа жылды өз шаңырақтарында қарсы алуда.


Биылдың өзінде бірнеше білім беру және денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді. Ондаған әлеуметтік жобалар сәтті жүзеге асты. Бизнеске қолайлы жағдай жасалып, инвестициялық жобалар қолға алынды. Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамуда. Өз өнімдерін экспортқа бағыттаған бірнеше кәсіпорын ашылғанын да ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ биылғы жылы цифрландыру бағытындағы жұмыстар ерекше серпін алды. Облыс орталығы – Орал қаласын «Смарт сити» тұжырымдамасы бойынша дамытудамыз. Ал Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өздеріңіз ерекше қолдау көрсеттіңіздер. Үш батысқазақстандық «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар облыс орталығында «Рухани жаңғыру» музейінің ашылуы да айтулы оқиға. Оған өлкеміздің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылды. Бұл орайда жергілікті жанашыр кәсіпкерлердің қолдауы ерекше.

 

Атқарылған істің барлығы өңір халқының ынтымағы мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесі екені сөзсіз.

 

Жаңа жылда барша адамзат жақсылыққа үміт артады. Енді бірер күнде табалдырықтан аттап, төрге шығар 2018 жыл бүкіл қазақстандықтармен бірге қасиетті Жайық елі үшін де ерекше жыл боларына сенім зор.

 

Халқымызда «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!» деген таным-түсінік бар. Олай болса, 2018 жыл жасампаз істердің, жарқын жетістіктердің жылы болғай!
Жаңа жыл елімізге береке, әр шаңыраққа ырыс-құт әкелсін!


Әрқайсыңыздың деніңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Ізгі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов


 

Дорогие западноказахстанцы!

От всего сердца поздравляю вас с главным праздником – Днем Независимости Республики Казахстан!

 

16 декабря – дата, ставшая поворотной вехой в жизни нашего государства и сильнейшим стимулом для плодотворного, вдохновенного труда миллионов казахстанцев.

Благодаря сплоченности народа и политическому курсу Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева Казахстан за короткое время добился впечатляющих успехов.
Наша область также является олицетворением динамики прогресса. Предпринимаемые сегодня меры по наращиванию темпов экономического роста, курса на повышение общественного благополучия имеют прочную основу и хороший потенциал к развитию и в итоге к комфортной жизни западноказахстанцев.
От всей души желаю жителям области крепкого здоровья, счастья, мира и согласия! Успехов и процветания нашему общему дому – суверенному Казахстану!


Құрметті батысқазақстандықтар!

 

Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл бесінші жыл қатарынан мейрам ретінде атап отырған Тұңғыш Президент күні – халқымызды біріктіретін мемлекеттік деңгейдегі мерекеге айналды.
Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңіндегі ролін халқымыз әрдайым жоғары бағалайды. 
Бүгінде Қазақстан қарышты дамуы дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен жүргізіп отырған саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктер көп. 
Әсіресе биылғы жыл Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласымен және 100-ден аса  мемлекеттің қатысуымен өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесімен ерекшеленді. Еліміздің осындай биік белестерден көрініп, жыл сайын дамудың жаңа сатысына көтерлуі – туған халқының көреген көшбасшысы, жарқын істердің жасампаз тұлғасы Елбасы мен оған қолдау көрсеткен халықтың бірлігінің нәтижесі екені сөзсіз. 
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, тәуелсіз елдің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

 

Құрметпен, 
Батыс Қазақстан облысының әкімі                            А. Көлгінов


Құрметті  Казталов ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді «Туған жер – тұғырың, Туған ел –қыдырың» атты  аудандық жерлестер форумының өтуімен шын жүректен құттықтаймын!


Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, әр азаматтың бойында отансүйгіштік, туған жерге деген құрмет секілді қасиеттерді тәрбиелеуге аса көңіл бөлу керектігін ерекше атап өткен болатын. Форум – Ел Президентінің тікелей бастамасымен қолға алынған бағдарламаны жүзеге асыру. 


Жиын туған жердің қазынасын қастерлеу, өз еліңе деген зор махаббаттың үлгісін көрсету, ұлтымыздың салты мен дәстүрін айшықтауды көздеп отыр. Казталов жерінен түлеп ұшып, бүгінде ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген жандардың басын қосқан жерлестер форумының сәтті өтуіне тілектеспін. 
Бұл шара тек өңіріміздің ғана емес, тұтастай еліміздің зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғыртуға үлес қосады деген сенім мол.

 

Құрметпен, 
Батыс Қазақстан облысының
әкімі                                                                               А.Көлгінов   


 

Құрметті Жәнібек ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді «Аудан күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Жәнібек ауданы – тек өңіріміз үшін ғана емес, еліміз үшін де маңыздылығы жоғары аймақтардың бірі. Ресей Федерациясының жəне еліміздің бірнеше облыстарымен шектесетін ауданның ел экономикасының дамуына қосып отырған үлесі зор. Аудан ауыл шаруашылығы, шағын жəне орта бизнестің дамуы жөнінен де көш ілгері келеді. Мəдени-рухани өмірінде де тың жаңалықтар көп. 


Жәнібек ауданының тарихи тамыры да тереңде. Талай бұлбұлдар мен дүлдүлдерді тудырған өлке бүгін де талантты ұл-қыз тәрбиелеп, топқа қосып келеді. 
Жəнібек ауданының жұртшылығын мерекемен құттықтай отырып, ауданда Елбасы тапсырмаларын орындау жолында атқарылып жатқан шаралар табысты болсын деп тілеймін. 


Мереке құтты болсын!

 

Құрметпен, 
Батыс Қазақстан облысының 
әкімі                                                                              А.Көлгінов. 


Құрметті  «Орал өңірі» газетінің ұжымы мен оқырмандары!

 

Ақ Жайық өңірінің айнасы - «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті үшін биыл ерекше мерейлі жыл. Облыстың аға басылымына бір ғасыр!


Ақпарат ағыны үстемдік етіп тұрған бүгінгі қоғамды  БАҚ–сыз елестету мүмкін емес.  Соның ішінде өңіріміздің айнымас темірқазығына айналған «Орал өңірі» газетінің алатын орны ерекше. Ғасырлық тарихы бар басылым осы жылдар ішінде Ақжайық елінің игілігі үшін қызмет етіп, қоғамдық пікір мен оқырман көзқарасын қалыптастыруда өлшеусіз үлес қосты. 


Әр жылдарда басылымға басшылық жасаған қазақ журналистикасының майталманары газет тарихында өзіндік  ізін қалдырса, бүгінгі жұдырықтай жұмылған жоғары кәсіби ұжым талғамы биік оқырман сұранысын қанағаттандырып, сапалы дүниелерімен сусындатып келеді. 


«Орал өңірі» - билік пен бұқара халықтың арасындағы алтын көпір. Елдің мүддесін, қоғамның қажеттілігін жеткізіп, маңызды мәселелерді дер кезінде көтере білетін қаламы қарымды тілшілер ұжымы бар абыройлы басылым.  


Газеттің тойы – елдің тойы.  Облыстың бас басылымында қызмет еткен ардагерлер мен бүгінгі жас буынды, талғамы биік оқырманды газеттің 100 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, еліміздің егемендігін нығайту бағытындағы әр бастамаларыңызға толайым табыс тілеймін. Қаламдарыңыз мұқалмасын!

 

Ізгі тілекпен,

Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов


Құрметті батысқазақстандықтар!

 

Баршаңызды еліміз үшін маңызды мереке - Конституция күнімен құттықтаймын!

 

Бұл Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған бетбұрыс күні. Осыдан 22 жыл бұрын халқымыз барша әлемге бірлігі мен даналығын көрсетті. Жаңа заманның талаптарына сай келетін Негізгі заңын бекітті.

 

Конституция – біздің табыстарымыздың бастауы, тұрақтылық пен татулықтың тұғыры.

 

Конституция билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді. Елбасының ерік-жігері мен халықтың бірлігінің арқасында Қазақстан əлем таныған мемлекетке айналды.

 

Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, игілік пен бақ-береке тілеймін! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім-бірлігіміз нығая бергей!

 

Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай!

 

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының əкімі - А.Көлгінов

 


Құрметті батысқазақстандықтар!

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында осы жылдың 17-18 қыркүйек күндері Астана қаласында «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» атты Батыс Қазақстан облысының күндері өтті.

 

Елорда тұрғындары мен астана қонақтарына облысымыздың ауылшаруашылық өнімдері ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылып, өңіріміздегі өнер иелерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізілді.

 

Батыс Қазақстан облысының Астанадағы күндерінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан өңіріміздің сөз бастар зиялылары мен еңбегі сіңген ардагерлеріне, маңдай тердің арқасында алынған өз өнімдерін ұсынған ауылшаруашылық мамандары мен жекелеген кәсіпкерлерге, астанамыздың төрінен өңір халқына дер кезінде ақпарат жеткізген облыстық газеттер мен телеарнаның тілшілеріне зор алғысымды айтамын. Батыс Қазақстан облысы ұйымдастырған шараларға қолдау білдірген ел ағалары мен өңірімізден шыққан белгілі тұлғалардың төбе көрсетуі біздің мерейімізді тасытты. Барлығына өзімнің және барлық батысқазақстандықтардың атынан ризашылығымды білдіремін.

 

Астана қаласында апта сайын «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» деген атпен өтіп жатқан іс-шаралар – бірлігі жарасқан бүтін ел екеніміздің айқын көрінісі. Өңірлер халқы еліміздің төрінде бас қосып үлкен әсермен тарқасуда.

 

Ел үшін еңбек етіп жатқан әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!