10 Қантар 2019
613

БҚО-да «Жас сарбаз» патриоттық клубтары құрылады

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

 

 

- Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, әскери-патриоттық клуб жұмысын жолға қою мақсатында 2019-2020 оқу жылында облыс орталығында – 3, әр аудандарда біреуден, барлығы 15 «Жас сарбаз сыныбы» ашуды жоспарладық, - дейді басқарма басшысы.

 

Елімізде әскери-патриоттық қозғалыстың дамуына Жас армияшылар бірлестіктерінің республикалық штабы, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар қозғалысы мен әскери-патриоттық клубтар үлес қосуда. 2017 жылы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық балалар және жасөспірімдер республикалық қозғалысы құрылған болатын.

 

© zhaikpress.kz