06 Қараша 2018
620

Батыс қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы

 

1. Басқарма туралы қысқаша мәлімет


«Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісі және құжаттама жасау қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


 
2. Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысының, орынбасарының жеке азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

 

Т.А.Ә.

Лауазымы

Апта күндері

Уақыты

1

Нұртазаев Сәкен Рустемұлы

Басқарма басшысы

Бейсенбі

16.00-17.00

2

Иночкин Вячеслав Анатольевич

Басқарма басшысының орынбасары

Сәрсенбі

16.00-17.00

 

3. Басқарманың миссиясы, негізгі функциялары және міндеттері 

 

Басқарманың миссиясы:


Батыс Қазақстан облысында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ архив ісі және құжаттама жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.


 
Басқарманың мiндеттерi:


1) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды экономика мен тіршілік етудің негізгі салаларына енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.


 
Басқарманың функциялары:


1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсім бойынша мемлекеттік органның архитектурасын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құрады және дамытады;
5) облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуына, анықтығына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асырады;
6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйелерді тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
8) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз етеді;
9) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;
10) уәкілетті органмен келісім бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оның орналастыруын қамтамасыз етеді;
11) облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ өз контентінің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді;
12) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
13) өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдайды;
14) облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді;
15) облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлейді;
16) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын қамтамасыз етеді;
17) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды алады;
18) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар алуды қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
20) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
21) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуды ұйымдастырады;
22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды және мониторингілеуді жүргізеді;
24) облыс аумағында архив iсi және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады;
25) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;
26) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
27) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштердің қорғалуын, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастырады;
28) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
29) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыруын үйлестіреді;
30) облыстың аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
31) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдаланады;
32) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді;
33) облыстың тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинауды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
34) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


 
4. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қ., Достық-Дружба даң. 177
5. Электронды мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
6. Анықтама телефондары: +7 (7112) 25-07-18, 25-07-42
7. Ресми интернет-ресурсы: www.digital.bko.gov.kz