15 Наурыз 2019
69

Ақжайық аудандық емханасында балалар оркестрі концерт берді

 

Дәрігер қауымы облыстық «Жас музыканттар», республикалық «Дала сазы», «Ақ сұңқар» байқауларының лауреатының орындауындағы бабадан жеткен қастерлі күйлерді тыңдады.

 

 

Көпшілікке Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негізінде халқымыздың дәстүрін, музыкасын биік дәрежеге көтеру жолында ауданымызда атқарылып жатқан істер туралы білім бөлімінің басшысы Дәурен Нұрғожа әңгімелеп берді.

 

Тәжірибелі оқытушы Халел Сапаров жетекшелік ететін балалар музыка мектебінің оркестрі Құрманғазының «Балбырауын», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», Е.Брусиловскийдің «Алтынай» күйлерін орындады. Аталған мектептің шәкірттері, халықаралық домбырашылар байқауының лауреаттары Назерке Иманғазиева, Азат Қадырғали, Елнұр Ермеков, Бахтияр Есқайыровтың орындауындағы Н.Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазының «Сарыарқа» күйлері жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.